CorrectMyText    Users

  

Kazakh language

The text to correct from user анар

Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы қол қнер сұранысқа ие. Ұлтымыздың құндылықтарын махаббатпен жасау мен үшін үлкен мəртебе. Асыл анамнан дарыған өнер бұл- менің қол өнерім.
Рухани жаңғыру аясында ұлттық оюлармен əшекейлеп костюмдер тігу, түрлі оюлармен безендіріп тұмарлар жасау, ежелден пайдаланылған бүрмелі көйлек, қыпша бел камзол, үкілі сəукелелер, шаш қап, шаш бау барлығы ұлтымыздың құндылығы. Міне, мысалы: бойжеткенге арналған бұрымын шаң тозаңнан қорғайтын ^шаш қап^ бархат матадан жасалған. Сырты көз тимесін деген бағытта əшекей бұйымдармен безендірілген, шашбауы күмістен жасалады. Өте əдемі емеспе? ! Бүгінде осы əшекейді ұлтымыздың əрбір бойжеткені пайдаланса тамаша болады.
^жар тұмарлар, бойтұмарлар^- əр түрлі тастармен өрнектелген, өзінше бір тарихын шертеді. Дарыған осы бір талантымды өз еліме, Отаныма арнаймын.
Қандай да бір ұлттық нақыштағы бұйымды жасау шабытыма шабыт қосады.
Мен осылай қоғамға бір үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Мен өз құдіретті елімді, жерімді сүйемін....
Əсіресе, анаға деген махаббатым шексіз. Сондықтан да, аналарымыз киген ақ кимешекке көп көңілімді бөліп, махаббатпен жасаймын.
Language: Kazakh   Language Skills: Native, Perfect, Fluent

Login or register to correct this text!

You can correct this text if you set follow language skills of Kazakh in settings: Native, Perfect, Fluent

Please correct texts in Kazakh: